Accessibility links

Ратко Младичті судья сот залынан шығарып жіберді


Ратко Младич Гаага сотында. 4 шілде 2011 жыл.

Ратко Младич Гаага сотында. 4 шілде 2011 жыл.

Гаага халықаралық сотында қылмыстық ісі қаралып жатқан босниялық серб армиясының бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич бүгінгі сот отырысында бірнеше рет сот төрешісінің сөзін бөлгені үшін судья оны сот залынан шығарып жіберді.

Младич адвокатты сот тағайындауымен емес, өз таңдауы бойынша алғысы келеді.

Ратко Младичке 1990 жылдардың ортасында Боснияда болған азаматтық соғыс кезінде әскери қылмыстар жасаған деген айып тағылған. Айыптаушы тарап Младичті Сребренницадағы сегіз мыңға жуық мұсылманның өліміне кінәлі санайды.

Халықаралық қылмыстық соттан 16 жылға жуық жасырынып жүрген Младич мамыр айының соңына қарай Сербияда ұсталып, Гаага сотына жеткізілген еді.

Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG