Accessibility links

Беларусьте наразылық акциясына қатысқандар сотталды


Наразылық акциясына шыққандарды полиция ұстап әкетті. Минск, 29 маусым 2011 ж.

Наразылық акциясына шыққандарды полиция ұстап әкетті. Минск, 29 маусым 2011 ж.

Беларусь соты бейсенбі күні маусымның 29-ында үкіметке қарсы наразылық шарасы кезінде ұсталған 30 шақты адамға қатысты шешім шығарды.

Сот 13 адамды 6 тәуліктен 15 тәулікке дейін абақтыға қамап, 17 кісіге айыппұл салды.

Сәрсенбі күні елдегі экономикалық дағдарысқа қарсы наразылық акциясына шыққан ондаған адамды полиция ұстап әкеткен еді. Беларусьте соңғы бірнеше апта бойы әр сәрсенбі сайын наразылық шаралары өтіп келеді.
XS
SM
MD
LG