Accessibility links

Ақтөбе облысында полиция бекетін атқылап, екі адам оққа ұшты


Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылында өткен түнде белгісіз біреулер полицияның қызмет көлігіне қарулы шабуыл жасап, құқық органының екі қызметкерін өлтірген.

Бұл туралы Азаттық радиосына облыстық iшкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев хабарлады. Оның айтуынша, әзірге кім екені белгісіз қаскүнемдердің атқан оғынан патрульдік-бекеттік қызметтің екі сержанты қаза тапқан.

Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Алмат Иманғалиев.

Қаза болған полицейлердің артында отбасы, әрқайсысының екі баласы жетім қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG