Accessibility links

Венесуэла президенті денесіндегі қатерлі ісіктен арылғанын мәлімдеді


Венесуэла президенті Уго Чавес телеарна арқылы бұқараға мәлімдеме жасады. 30 маусым 2011 ж.

Венесуэла президенті Уго Чавес телеарна арқылы бұқараға мәлімдеме жасады. 30 маусым 2011 ж.

Венесуэла президенті Уго Чавес операция жасатып, ағзасындағы қатерлі ісікті алғызғаны туралы телеарна арқылы бұқараға өзі мәлімдеді.

Осылайша біраз уақыт бұрын Кубаға емделуге кеткелі бері Чавес жұртшылыққа телеарнадан алғаш рет көрінді. Бұған дейін ел арасында президенттің халі нашарлап кетіпті деген сөз тараған еді.

Маусымның 10-ы күні Уго Чавестің жамбасына жасалған бірінші операциядан соң оның отбасы мен көмекшілері Венесуэла тұрғындарын президенттің денсаулығы жақсарып келеді деп сендіруге тырысқан болатын.
XS
SM
MD
LG