Accessibility links

Ресейде жарты жылда әсіреұлтшылдардың қолынан 14 адам мерт болған


Ресейлік әсіреұлтшылдар жиыны. Көрнекі сурет.
Ресейлік әсіреұлтшылдар жиыны. Көрнекі сурет.
Мәскеудегі «Сова» адам құқығын қорғау орталығының деректері бойынша, Ресейде биылғы жыл басынан бері әсіреұлтшылдардың қолынан 14 адам қаза болып, 58 адам зардап шеккен деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Құқыққорғаушылардың айтуынша, жыл басынан бері ресейлік соттар нәсілшілдік өшпенділік пен ксенофобиялық жеккөрушілік оқиғаларына қатысты 28 айыптау үкімін шығарған. Нәсілшілдікті насихаттағаны үшін 37 адам сотталған.

Әсіреұлтшылдар жасаған шабуылдар саны жағынан Ресейде Мәскеу мен Петербург қалалары алдыңғы орында тұр. Әсіресе Кавказ бен Орталық Азиядан келгендер осындай топтардың шабуылына жиі тап болады дейді «Сова» адам құқығын қорғау орталығындағылар.
XS
SM
MD
LG