Accessibility links

АҚШ-та оққа ұшқан қазақстандықтың отбасы полицияны сотқа берді


АҚШ-та полицейдің оғынан қаза тапқан Қазақстан азаматы Кирилл Денякин. (Сурет kruzhechka.yvision.kz блогынан алынды).

АҚШ-та полицейдің оғынан қаза тапқан Қазақстан азаматы Кирилл Денякин. (Сурет kruzhechka.yvision.kz блогынан алынды).

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық азаматтың отбасы Портсмут қаласындағы полиция басқармасын сотқа берді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Полицияның оғынан қаза болған Кирилл Денякиннің анасы Елена Денякинаның айтуынша, олардың отбасы 26 жасар баласының өлімі салдарынан болған моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап еткен. АҚШ полициясын жауапқа тартуды көздеген Денякина талап етіп отырған өтемақы мөлшерін айтпады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан азаматы Кирилл Денякин сәуірдің 23-і күні АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Портсмут қаласында оққа ұшқан. Кейбір деректерге қарағанда, полиция қызметкері жас жігітті тонаушы деп ойлап қалып, қателесіп атқан.

Осыдан бес жыл бұрын «Уорк энд Тревел» бағдарламасы бойынша АҚШ-қа кеткен Кирилл Денякин университетті тәмамдаған соң сол елде қалып, Портсмуттағы «Ренессанс» қонақ үйінде аспаз болып жұмыс істеп жүрген.
XS
SM
MD
LG