Accessibility links

Клинтон мен ЕҚЫҰ Беларусьті реформаларды бастауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларусьті демократиялық реформаларды жүзеге асыруға шақырды.

Литва президенті Даря Грибаускайтемен кездесуінен кейін Клинтон "біз Беларусьтен саяси тұтқындарды босатып, демократиялық реформаларды бастауды талап етеміз" деп мәлімдеді. АҚШ мелекеттік хатшысы Беларусь белсенділерімен де кездесті.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы желтоқсан айында қайта сайланған президент Александр Лукашенконы бұқаралық ақпарат құралдарын қудалауын тоқтатуға шақырды.

Беларусь қазір экономикалық дағдарысқа ұшырап отыр. Лукашенко елде наразылық шараларына жол бермейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG