Accessibility links

"Ақ жол" партиясының жаңа жетекшісі сайланды


"Ақ жол" партиясының жаңа басшысы Азат Перуашев
"Ақ жол" партиясының жаңа басшысы Азат Перуашев
Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының жетекшісі болып сайланды. Бұл шешім бүгін партия съезінде қабылданды.

Осы уақытқа дейін аталмыш партияны басқарып келген Әлихан Бәйменов президент жарлығымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.

Жұма күні Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы «Атамекеннің» төрағасы Азат Перуашев президенттік «Нұр Отан» партиясынан кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG