Accessibility links

Еуропа Грекияға қаржы көмегінің кезекті бөлігін мақұлдады


Грекияда қысқартуларға қарсы өткен наразалық шаралары. 29 маусым.

Грекияда қысқартуларға қарсы өткен наразалық шаралары. 29 маусым.

Еуро зона елдерінің қаржы министрлері Грекияны дефолттан құтқару үшін төтенше көмектер беру жолдарын қарастырып, бірақ жаңа несие бірер аптаға созылып жетуі мүмкін деп ескертті.

Грекия шілденің 15-не дейін еуро зонадағы елдер мен Халықаралық қаржы қорынан 12 миллиард еуро алуы керек. Бұл еуропалық министрлердің өткен жылы Грекияны құтқаруға бөлген 160 миллиард доллар көмегінің 5-ші аударылымы.

ХВҚ Грекияға 3,3 миллиард еуро қаржы көмегі туралы алдағы аптада шешетін болады. Еуро кеңістігіндегі елдер 8,7 миллиард еуроны Грекияға бөлісіп бермекші.

Мұндай көмек Грекияға елде бюджет шығындарын қысқарту талабымен берілген. Грекия жақында соған сәйкес заң жобаларын қабылдап, елде қысқартуларға қарсы жаппай наразылық шаралары өтті.
XS
SM
MD
LG