Accessibility links

Младич соғыс қылмыстары сотына бойкот жарияламақшы


Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич Гаага сотындағы тыңдауларда. 3 маусым. 2011 жыл

Босниялық серб әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич Гаага сотындағы тыңдауларда. 3 маусым. 2011 жыл

Босниялық серб, армия қолбасшысы болған Ратко Младичтің адвокаты хабарлағандай, Малдич дүйсенбі күні өтетін өзіне қатысты сотқа қатысудан бас тартатынын айтқан. Оған Босния соғысында адамзатқа қарсы геноцид жасады деген айып тағылған.

Адвокат Милош Саличтің сөзіне қарағанда, Ратко Младич өзіне жеке адвокаттарын беруді талап етіп отыр.

16 жыл тығылып жүріп, мамыр айында қолға түскен Младичке өткен айда Гаага соты айыптар таққан. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Судья Альфонс Орие айыпкер Ратко Младичке 37 беттік айыптау құжатымен танысуға отыз күн уақыт беріп, келесі сот отырысын шілденің 4-іне белгілеген еді.
XS
SM
MD
LG