Accessibility links

Британ әншісі Стинг Астанадағы концертінен бас тартты


Британ әншісі Стинг.

Британ әншісі Стинг.

Британдық әйгілі әнші Стинг Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жұмысшылар ереуіліне қолдау ретінде Астанада бүгінге белгіленген концертінен бас тартты.

Әнші қазақстандық жұмысшылардың басындағы жағдай туралы «Амнести Интернешнл» құқық қорғау ұйымының өкілдерінен естіп-білген.

Мамыр айынан бері еңбекақыға байланысты талаппен ереуілдеп жатқан Маңғыстаудағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының 250 жұмысшысын кәсіпорын басшылығы өткен аптада жұмыстан шығарғаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған болатын.

Стингтің Астанадағы концертін ұйымдастырушылардың өкілі Жанар Колбачева әншінің қойылымы «ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты» болмайтынын хабарлап, концертке алдын-ала билет сатып алғандарға ақшалары қайтарылады деп сендірді жексенбі күні өткен баспасөз-мәслихатында.

Стинг 2009 жылы Өзбекстанда концерт бергені үшін адам құқығын қорғаушылар тарапынан сынға қалған еді.
XS
SM
MD
LG