Accessibility links

Фидель Кастро Уго Чавестің сауығып кететіндігіне сенімді


Солдан оңға: Фидель Кастро мен Уго Чавес.
Солдан оңға: Фидель Кастро мен Уго Чавес.
Кубаның бұрынғы басшысы Фидель Кастро Венесуэла президенті Уго Чавестің сырқатынан сауығып кететіндігіне сенім білдірді. Бұл туралы Кастроның жазғаны Куба үкіметінің сайтында жарияланды.

Бірнеше аптадан бері Кубада ем алып жатқан Уго Чавестің өзі өткен аптада ұлттық телеарнадан сөйлеп, ағзасындағы қатерлі ісікті алғызғаны туралы жұртшылыққа мәлімдеген еді.

Чавес халі жақсы екенін айтып, жуық арада толық сауығып кететіндігіне ел азаматтарын сендіруге тырысты. Алайда Венесуэла қоғамында ауыр дертке шалдыққан президенттің мемлекетті басқара алатындығына күмән білдіргендер де болды.
XS
SM
MD
LG