Accessibility links

Египетте газ құбырында жарылыс болды


Әл-Ариш қаласы маңындағы газ құбырындағы жарылыстан шыққан өрт. Египет, 27 сәуір 2011 жыл.

Әл-Ариш қаласы маңындағы газ құбырындағы жарылыстан шыққан өрт. Египет, 27 сәуір 2011 жыл.

Египетті Израиль және Иорданиямен жалғастыратын газ құбырында жарылыс болды. Египет қауіпсіздік күштерінің Рейтер агенттігіне хабарлауынша, жарылыс Синай түбегінің солтүстігіндегі газ құбыры станциясында болған.

Франс-пресс агенттігі ресми орындарға сілтеме жасап, жарылыс болардың алдында станция маңында автокөліктің тұрғанын хабарлады. Жарылыс салдарынан тұтанған өрт жалыны 10 метр биікке жеткен.

Бұған дейін сәуір айында елдің солтүстігіндегі газ құбырында болған осындай жарылыс кесірінен газ тасымалының көлемі азайған еді.
XS
SM
MD
LG