Accessibility links

Минскіде «Үнсіз қарсылыққа» шығып ұсталған 100-ден аса адам сотқа тартылады


Қауіпсіздік күштері «үнсіз қарсылық» шарасына шыққандарды ұстап әкетті. Минск, 3 шілде 2011 жыл.
Қауіпсіздік күштері «үнсіз қарсылық» шарасына шыққандарды ұстап әкетті. Минск, 3 шілде 2011 жыл.
Минскіде жексенбі күні өткен «Үнсіз қарсылық» шарасы кезінде ұсталған 140-қа жуық адам бүгін сотқа тартылады деп хабарлады Беларусь құқық қорғаушылары.

Олардың деректері бойынша, милиция кеше ұстаған 200-ден аса кісінің арасынан балаларды, кейбір әйелдер мен журналистерді босатқан, ал қалғандарына қарсы әкімшілік заң талаптарын бұзғаны жөнінде іс қозғаған.

«Әлеуметтік желі арқылы революция» тобының ұйымдастыруымен кеше Беларусь астанасында «Үнсіз қарсылық» шарасы өткен еді. Жексенбіде Минскіде тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген парад кезінде оппозиция жақтастары жаппай қол шапалақтап, президент Александр Лукашенконың сөзін естіртпеуге тырысты. Милиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, ондаған адамды ұстады.

Құқық қорғаушылардың деректері бойынша, Гродно және Гомель қалаларында да көшеде адамдар ұсталған.
XS
SM
MD
LG