Accessibility links

Парламент сайлауында жеңіске жеткен Таиланд оппозициясы коалиция құрмақ


Оппозициялық саясаткер Йинглак Чинават (ортада) сұқбат беріп тұр. Бангкок, 3 шілде 2011 жыл.

Оппозициялық саясаткер Йинглак Чинават (ортада) сұқбат беріп тұр. Бангкок, 3 шілде 2011 жыл.

Таиландта парламент сайлауында жеңіске жеткен оппозициялық «Таиланд үшін» партиясының жетекшісі Йинглак Чинават өзге төрт партиямен бірлесіп коалиция құратындары туралы мәлімдеді. Парламенттегі орындардың 60 пайызы жаңа коалицияның еншісінде.

Парламенттегі 500 орынның 265-ін «Таиланд үшін» оппозициялық партиясы ие болғаны туралы бүгін елдің сайлау комиссиясы жария еткен болатын. Ал бүгінге дейін үкіметті басқарып келген Абхисит Ветчачиваны қолдайтын Демократиялық партияға бұл сайлауда парламенттен 159 орын тиді. Ветчачива бүгін Демократиялық партия басшылығынан отставкаға кетті.

44 жастағы Йинглак Чинават енді Таиландтың жаңа премьер-министрі болып сайлануы мүмкін. Ол 2006 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен тайдырылып, қазір шетелде бас сауғалап жүрген бұрынғы премьер-министр Таксин Чинаваттың қарындасы.

Бүгін Таксин Чинават саясатқа қайта оралу ниеті жоқ екендігі туралы мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG