Accessibility links

Сирияда танктің атқан оғынан алты адам жараланды


Үкіметке қарсы наразылық жиыны. Тафас елді мекені, Дараа провинциясы, 1 шілде 2011 ж.
Үкіметке қарсы наразылық жиыны. Тафас елді мекені, Дараа провинциясы, 1 шілде 2011 ж.
Сирия танктері елдің солтүстік-батысындағы Түркиямен шекаралас Кфар-Рума елді мекенін атқылауы салдарынан кемінде алты адам жараланған.

Үкімет әскері бұл жердегі наразылық толқуын күшпен басуға әрекет жасап жатыр.

Құқыққорғаушылардың дерегі бойынша, бүгін Хама қаласының маңында оппозицияны жақтайтын 20-дан астам адам ұсталған. Өткен жұма күні осы қалада ондаған мың адамның қатысуымен үкіметке қарсы наразылық жиыны өткеннен соң билік арнайы рейдтер жүргізді.

Сирияда ел президенті Башар Асадтың биліктен кетуін талап еткен наразылық акцияларының жалғасып жатқанына төрт айға таяды. Осы уақыт ішінде биліктің іс-әрекетінен мыңнан астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG