Accessibility links

"Газпром" делегациясы Солтүстік Кореяға барды


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Ресейлік "Газпром" компаниясының делегациясы Солтүстік Кореяға барды.

Солтүстік Корея орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ресейлік делегацияға компания төрағасының орынбасары Александр Ананенков жетекшілік етіп отыр. Бұл сапар туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Мамыр айында Пхеньянға Ресей барлау қызметінің ресми өкілі барып, Солтүстік және Оңтүстік Корея елдерін қамтитын экономикалық жобаларды талқылады деп хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG