Accessibility links

Қазақстан ішкі істер министрлігі Ақтөбеге қосымша күш жібермейді


Қазақстан ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлері оққа ұшқан Ақтөбе облысына қосымша күш жібермейді.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігі ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовқа сілтеме жасап, осылай деп хабарлады.


Министрдің айтуынша, Ақтөбеде арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр. "Жергілікті тұрғындар аймақты бізден жақсы біледі. Ол жаққа қосымша күшті тартудың мәні жоқ», - деді Қасымов.

Ол «Қазір полиция қызметкерлерін ату себептері анықталады. Шабуыл жасағандардың ішінде жараланғандардың бар екендігін жоққа шығармаймыз», - деді.

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылында шілденің 1-іне ауған түні белгісіз біреулер полицияның қызмет көлігіне қарулы шабуыл жасап, құқық органының екі қызметкерін өлтірген еді. Қылмыс жасады деген топпен қақтығыста арнайы жасақтан да бір адам қаза тауып, үш адам жараланды. Сондай-ақ күдіктінің сыбайласы болуы мүмкін жергілікті тұрғын оққа ұшты.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG