Accessibility links

Сирия күштері Хама тұрғындарын тұтқындап жатыр


Сирия президентіне қарсы шерулер. Хама, 13 мамыр 2011 жыл.

Сирия президентіне қарсы шерулер. Хама, 13 мамыр 2011 жыл.

Белсенділердің айтуынша, Сирия күштері орталық Хама қаласында жүздеген адамды қамауға алған.

Бұл қалада өткен аптада президент Башар әл-Асадқа қарсы жаппай шерулер өткен еді. Жергілікті дәрігердің мәліметінше, шерулер барысында 3 адам өлтірілген. Құрбан болғандардың бірі 13 жастағы бала деп хабарланып отыр.

Тұрғындардың айтуынша, шілденің 4-інде Хама қаласына келген әскери күштер рейд жүргізіп, жүздеген адамды тұтқындаған. Кей жағдайда үкімет күштері оқ атқан.

Белсенділердің айтуынша, осыдан бір ай бұрын Хамада қауіпсіздік күштері кемінде 60 наразылық танытушыны өлтірген. Шілденің 1-інде 150 мыңға жуық адам шеруге шығып, Асадтың биліктен кетуін талап еткен.

Шілденің 2-сінде президент уәлаят әкімін қызметінен босатты. Қала тұрғындарының хабарлауынша, шілденің 4-інде қауіпсіздік күштері адамдарды қамауға алу үшін Хамаға барған.

Адам құқығын қорғаушылардың мәліметінше, 14 аптаға жалғасқан наразылық шарасы барысында шамамен 1300 қарапайым азамат қаза болған. Ал Сирия билігі қарулы топтар 500 полиция қызметкері мен сарбазды өлтірді дейді.

АҚШ пен Еуропа Одағы наразылық танытушыларды басып жаншығаны үшін Асад режиміне санкциялар енгізді.
XS
SM
MD
LG