Accessibility links

"Коммерсант": Каддафи егер қауіпсіздігі қамтылса, биліктен кетуге әзір


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи

Ресейлік "Коммерсант" басылымы бір ресми өкілге сілтеме жасап, Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің қауіпсіздігіне кепілдік берілсе, оның биліктен кетуге әзір екенін хабарлады. Газет бұл ақпаратты таратқан ресми өкілдің атын атамайды.

Осыдан бір күн бұрын Ресейдің жоғары лауазымды ресми өкілдері НАТО басшысы Андерс Фог Расмуссенмен және Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зумамен кездесіп, Ливиядағы зорлық-зомбылықты тоқтату жолдарын талқылаған болатын.

Муаммар Каддафидің режиміне қарсы көтеріліс Араб әлемінде болып жатқан толқулардағы ең үлкен қантөгіске ұласты.

Осыдан үш ай бұрын БҰҰ қарапайым халықты қорғау мақсатында НАТО-ның Каддафи күштеріне әуеден соққы беруіне рұқсат берді. Осы уақытқа дейін зорлық-зомбылықты тоқтату әрекеттері сәтсіз болды.

Ресей Ливиядағы НАТО науқанын сынап, атысты доғаруға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG