Accessibility links

Оппозициялық басылымның редакторы шекаралық қызметті сотқа берді


"Взгляд" газетінің редакторы Игорь Винявский. Алматы, 29 маусым 2011 жыл.
"Взгляд" газетінің редакторы Игорь Винявский. Алматы, 29 маусым 2011 жыл.
Оппозициялық "Взгяд" газетінің редакторы Игорь Винявский Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі мен KLM әуе компаниясын сотқа берді. Бұл туралы ол бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

Винявскийдің айтуынша, 21 маусымда ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі мен KLM "виза мәселесін сылтауратып," оны Брюссельге аттанатын рейстен алып қалған. Игорь Винявский Орталық Азиядағы жемқорлық мәселесіне қатысты конференцияға қатысу үшін Брюссельге бармақшы болғанын айтады.

Ол аталмыш әуе компаниясынан 500 мың теңге өтемақы төленуін талап ететінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG