Accessibility links

Ресейде жасалған жүк ұшағы Ауғанстанда апатқа ұшырады


Кабул таулары, Ауғанстан. 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Кабул таулары, Ауғанстан. 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан билігінің хабарлауынша, өткен түнде елдің шығысында Ресейде жасалған жүк ұшағы апатқа ұшырады.

Адам шығыны туралы мәліметтер түсе қоймады, бірақ аймақтағы ресми өкіл құтқарушылардың шалғайдағы өңірге әлі жете қоймағанын айтады.

НАТО өкілінің айтуынша, бүгін 3 мың 800 метрдей биіктіктегі тауға құлаған ұшақ альянстыкі емес.

Апат Ауғанстанның Парван провинциясының Сиагирд аймағында болды.
XS
SM
MD
LG