Accessibility links

ЕҚЫҰ Минскінің оппозицияны қудалауды тоқтатуын талап етті


ЕҚЫҰ төрағасы Литваның сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис. Тбилиси. 15 наурыз. 2011
ЕҚЫҰ төрағасы Литваның сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис. Тбилиси. 15 наурыз. 2011
ЕҚЫҰ Беларусь билігінен президент Александр Лукашенконың қарсыластарын жазалауды тоқтатуын талап етті.

Ұйымға төрағалық етуші Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис беларусь үкіметін қамауға алынғандарды босатып, бейбіт тұрғындарға қарсы күш қолдануды тоқтатуға шақырды.

Лукашенко 2010 жылдың желтоқсанындағы президент сайлауынан кейін оппозицияны жаппай қудалап келеді.

Адам құқын қорғаушы топтардың айтуынша, биліктің жексенбі күнгі шерушілерді жаппай тұтқындауларынан кейін кемінде 140 адам түрмеге жабылды. Наразылық шарасына шыққандар 2 күннен 15 күнге дейін абақтыға қамалып, босатылғандарына 200 доллардан аса айыппұл салынған.
XS
SM
MD
LG