Accessibility links

Пәкістандық комиссия "бин Ладеннің отбасы қазір елден кетпеуі керек" деді


Пәкістан туы.
Пәкістан туы.
Пәкістан комиссиясы Усама бин Ладеннің жақын-туыстарына тергеу аяқталғанша елден кетпеуді бұйырды.

АҚШ күштері мамырдың басында Пәкістанда жүргізген рейд кезінде өлтірген "әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладеннің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Пәкістан билігі Усаманың бір әйелін туған еліне - Йеменге жіберетінін айтқан еді. Пәкістандық комиссияның жаңа талабын ықпалды қауіпсіздік қызметтері қабылдай ма, жоқ па - белгілісіз. Бин Ладеннің үш әйелі мен бірнеше баласы мамырдың 2-сіндегі Абботабадтағы рейдтен бері қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG