Accessibility links

Украинаның экс-премьері Тимошенкоға қарсы тағы бір тергеу басталды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко.
Украинаның мемлекетік қауіпсіздік қызметі бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко басқарған энергетикалық компанияға қарсы қылмыстық іс қозғады.

Украинаның оппозициялық жетекшісі Юлия Тимошенконың 2009 жылы Ресеймен газ келісімін жасағанда қызметін бабын асыра пайдаланып, мемлекетке шығын әкелді деген айып бойынша тағы бір соты жүріп жатыр.

Тимошенко өзіне қарсы қозғалған бұл екі істі мойындамай, "барлық айыптардың саяси астары бар" деп отыр.
XS
SM
MD
LG