Accessibility links

Алматыдағы Қытай консулдығы алдында пикет өтті


Маңғыстауда мамыр айынан бері ереуілдеген жұмысшылар. 2 маусым. 2011

Маңғыстауда мамыр айынан бері ереуілдеген жұмысшылар. 2 маусым. 2011

Әлеуметтік қарсылық қозғалысы Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларының ереуілге шыққан жұмысшыларына қолдау ретінде Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық акциясын ұйымдастырды.

Әр түрлі топ өкілдері биліктен Батыс Қазақстанда жазықсыз түрмеде отырғандарды босатуын, қытай инвесторларынан жұмысшылар құқығын бұзбауын талап етті.

Қазақстанда демалыс күні болғандықтан, Қытай консулдығына келген наразы топтан петицияны қазақстандық полиция капитаны Ерболат Саянбаев қабылдап, ертең консулдыққа тапсыратынын айтты.

Қазақстандықтар бүгін Астана күні мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнін тойлап жатыр.
XS
SM
MD
LG