Accessibility links

Грузия полициясы түнде 5 фотожуралистті қамауға алды.

"Рейтерс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тұтқындалғандар - "Еуропалық прессфото" агенттігінің суретке түсірушісі Зураб Куртсикидзе, "Ассошиэйтед Пресстің" фототілшісі Шах Айвазов, тәуелсіз журналист Георгий Абдаладзе, президент фотографы Иракли Геденидзе мен оның әйелі Натия.

Грузия ресми өкілдерінің айтуынша, ұсталған фотожурналистерге "тыңшылық жасады" деген айып тағылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің фототілшісі Шах Айвазов кейінірек босатылып, оған ешқандай айып тағылмады.
XS
SM
MD
LG