Accessibility links

Жұмысшылардың ереуіліне байланысты мұнай өндірісі азайған


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамындағы Ембімұнайгаз өндірістік филиалының Қошқар ауылындағы мұнай қазандары. Мақат ауданы Атырау облысы, тамыз, 2009 жыл.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамындағы Ембімұнайгаз өндірістік филиалының Қошқар ауылындағы мұнай қазандары. Мақат ауданы Атырау облысы, тамыз, 2009 жыл.
"Қазмұнайгаз Барлау Өндіру" компаниясы өзінің бөлімшелерінің бірінде ереуіл жалғасып жатқандықтан осы жылы мұнай өндірісі азайғанын айтады.

Компанияның мәліметінше, 2011 жылдың алғашқы 6 айында 6311 тонна мұнай өндірілген, бұл өткен жылғы дәл сол мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 пайызға төмен.

Батыс Қазақстанда "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалының жұмысшылары мамыр айынан бері ереуілдерін жалғастырып, жалақыларының өсірілуін және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.

"Қазмұнайгаз Барлау Өндіру" компаниясы мұнай өндірісінің азаюйын наурыз және сәуір айларындағы электр қуатының өшіп қалуымен де байланыстырып отыр.
XS
SM
MD
LG