Accessibility links

Түркіменстан: Абаданда жарылыс болды


Бейсенбі күні Түркіменстанның Абадан қаласындағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, қойма төңірегіндегі үйлер зардап шеккен. Жарылыс бірнеше сағатқа жалғасып, тұрғындарды эвакуациялауға тура келген.

Абадан ел астанасы Ашғабад қаласынан батысқа қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан.

Құрбан болғандар жайында да айтылып отыр. Алайда жарылыстың себебі мен зардабы туралы толық мәлімет әзірге берілген жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG