Accessibility links

Сирия АҚШ-ты "ішкі ісімізге араласты" деп айыптады


Сирия билігі АҚШ-ты "ішкі ісімізге араласты" деп айыптады. Оған АҚШ елшісі Роберт Фордтың Хама қаласына барып, билікке қарсы шеруді қолдауы себеп болған.

Форд өзінің бейсенбі күнгі осы сапарында ондаған шерушімен кездесті.

Сирия ішкі істер министрлігі бұл сапарды елдің ішкі ісіне араласудың айғағы ретінде атады. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд Фордтың бұл сапары жайында Сирия билігін алдын-ала құлағдар еткенін хабарлады.

Хама - наурыз айынан бері билікке қарсы шеру өткізген орталықтардың біріне айналған қала.
XS
SM
MD
LG