Accessibility links

Әндіжан оқиғасына қатысты тағы бір адам түрмеде қаза болды


Абдуманнон Ортиқов

Абдуманнон Ортиқов

2005 жылы Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы үкіметке қарсы наразылық шарасына қатысқан азамат түрмеде қаза болды деп хабарлайды Азаттық радиосының өзбек қызметі.

34 жастағы Абдуманнон Ортиқовқа Әндіжандағы оқиға барысында "лаңкестік жасады" деген айып тағылған. 2005 жылдың мамыр айында үкімет күштері Әндіжанда шеруге шыққан наразылық танытушыларға оқ атқан болатын. Сол кезде жүздеген адам қаза тапқан.

Ортиқовтың досы әрі Швециядағы "Әндіжан әділдігі мен қайта өркендеуі" ұйымының мүшесі Рустам Собитовтың айтуынша, Ортиқов маусымның 24-інде қамауда қайтыс болған.

Аталмыш ұйымның мәліметінше, 2010 жылдан бері Өзбекстан түрмелерінде Әндіжан оқиғасына қатысты 10 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG