Accessibility links

Саакашвилидің кеңсесі ұсталған журналистерді "тыңшы" деп отыр


Президенттің фотографы Иракли Геденидзе

Президенттің фотографы Иракли Геденидзе

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің баспасөз хатшысының айтуынша, бейсенбі күні қамауға алынған төрт фотожурналист "тыңшылық жасаған", олардың тұтқындалуы журналистикамен байланысты емес.

Ұсталған журналистерге "шетелге тыңшылық жасады" деген айып тағылып отыр. Грузия ресми өкілдері нақты қайсы мемлекет туралы сөз болып отырғанын айтпады.

Грузиядағы адам құқықтарын қорғаушы белсенділер тұтқындауларға байланысты сөз бостандығы мәселесін көтеріп отыр.

Қамауға алынғандар - "Еуропалық прессфото" агенттігінің суретке түсірушісі Зураб Куртсикидзе, тәуелсіз журналист Георгий Абдаладзе, президент фотографы Иракли Геденидзе мен оның әйелі Натия.

Ал "Ассошиэйтед Пресстің" фототілшісі Шах Айвазов ұсталып, кейінірек босатылған.
XS
SM
MD
LG