Accessibility links

Марғұлан Сейсембаев шартты түрде екі жылға сотталды


Марғұлан Сейсембаев, «Альянс Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы. Алматы, 11 қараша 2010 жыл.

Марғұлан Сейсембаев, «Альянс Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы. Алматы, 11 қараша 2010 жыл.

«Альянс банктің» бұрынғы басшысы Марғұлан Сейсембаев шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Адвокат Паллада Тепсаеваның айтуынша, бүгін Алматыда Сейсембаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот үкімі шыққан. Оған "банк қаражатын заңсыз пайдаланған" деген айып тағылған. Адвокаттың айтуынша, экс-банкирге әуелі «алдау арқылы мүліктік зиян тигізу» бойынша айып тағылған, бірақ сотта бұл айып дәлелденбеген.

Халықаралық іздеу жарияланған Марғұлан Сейсембаев өткен жылдың қараша айында Қазақстанға оралған болатын. Келген бойда ақпарат құралдарын жинаған Сейсембаев өзінің «президентке адал екенін дәлелдеуге келгенін» айтып, қуғында жүрген өзге саяси эмигранттарды өзінен үлгі алуға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG