Accessibility links

Түркімен президенті оппозицияны сайлауға шақырды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов алғашқы рет оппозиция жетекшілерін ақпан айына белгіленген президент сайлауына қатысуға шақырды деп хабарланды.

"Франц Пресс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасынан көрсетілген жұма күнгі үкімет отырысында Бердімұхамедов оппозицияны сайлауға шақырған.

Түркіменстан оппозициясының ең танымал мүшелері шетелге көшіп кеткен. Ал көптеген оппозиция жетекшілері әлі түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG