Accessibility links

ХВҚ Грекияға 3,2 млрд еуро несие берді


Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард

Халықаралық валюта қоры экономикалық дағдарысқа ұшыраған Грекияға 3,2 миллиард еуро көлемінде несие бергенін хабарлады.

Қордың жаңа басшысы Кристин Лагардтың айтуынша, Еуропа Одағының көмегімен жасалып отырған Грекияны құтқару әрекеттері оң нәтиже береді. Лагард Афины реформаларды жүзеге асырып жатқандықтан біршама прогресс бар дей келе, Грекияның экономикасы 2012 жылдың алғашқы жартысында қайта дами бастайды деген болжам айтты.

Грекияға берілген соңғы қаржы - алдын ала келісілген 110 миллиард еуро көлеміндегі несиенің бөлігі.
XS
SM
MD
LG