Accessibility links

Темір ауданында тағы бір сарбаз қаза болып, бірнешеуі жараланды


Қазақстан ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы бөлімінің қызметкерлері елдің батысында екі полицейді өлтіруге қатысы бар күдіктілерді ұстауға әрекет жасаған.

"Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі құқық орындарындағы бұлағына сілтеме жасап, бүгін түнде Ақтөбе облысындағы арнайы операция барысында атыс болғанын, арнайы бөлімнің қызметкері қаза тапқанын және бірнеше адамның жараланғанын хабарлады.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі өкілі Алмат Иманғалиев "Азаттық" радиосына бұл ақпаратты растады. Иманғалиевтің айтуынша, арнайы операция барысында қарсылас жақтан 9 адам мерт болған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шілденің 1-іне қараған түні белгісіз біреулер Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылы жанында екі полиция қызметкерін өлтірген болатын. Алты күдікті іздестіріліп жатыр деп хабарланған еді. Сонымен қатар полицейлерді өлтірді деп күдікке ілінгендерді тұтқындау мақсатында шілденің 2-сінде жүргізілген арнайы операция барысында "Арлан" арнайы бөлімінің бір сарбазы қаза тауып, үшеуі жараланған болатын.

Бұдан кейін Шұбарши ауылына жақын Кеңкияқта полицейлер бір күдіктінің туысын атып тастаған еді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG