Accessibility links

Петреус: Ауғанстанда "Талибанның" жазғы шабуылдары азайды


Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус

Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус

Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреустың айтуынша, осы жазда елде ауған күштері мен шетел әскерилеріне бүлікшілердің шабуылдары өткен жылғы жазбен салыстырғанда азайған.

Кабулға сапары барысында Петреус мамыр мен маусым айында шабуылдар саны "бірнеше пайызға" кемігенін айтты. Әдетте осындай уақытта қақтығыстар күшейе түсетін. Алайда генерал Петреус үйде жасалатын бомба жарылыстарының саны көбейген деп атап көрсетті.

Ауғанстандағы америкалық күштердің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус шілденің ортасында бұл қызметінен кетіп, қыркүйек айында Орталық барлау агенттігінің басшысы қызметіне кіріседі.
XS
SM
MD
LG