Accessibility links

Еділде кеме батып, кемінде бір адам қаза болды


Бүгін Еділ өзенінде 173 адамды алып бара жатқан кеме суға батып, кемінде бір адам қаза болды.

«Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Болгария» кемесінде болған 61 адам табылмай жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Зюгеевтің айтуынша, кеме Татарстанның Сюкеево ауылы жанында суға батқан. Құтқару жұмыстары мен тергеу ісі басталды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG