Accessibility links

Шұбаршидегі полицейлер өліміне күдіктілер ұсталды


Полицейлер Шұбаршиде қаза тапқан арнайы жасақ сарбазы Руслан Жолдыбаевты жерлеу кезінде. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Полицейлер Шұбаршиде қаза тапқан арнайы жасақ сарбазы Руслан Жолдыбаевты жерлеу кезінде. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы полицейлер өліміне қатысты екі күдікті ұсталды деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер вице-министрі Марат Демеуов бүгін Астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, күдіктілер «діни идеяларды желеу етіп, Шұбарши және Кеңқияқ ауылдары маңындағы құбырдан мұнай ұрлаған» топ құрамында болған. Марат Демеуов ол топта 11 адам болғанын айтады.

Ресми дерек бойынша, шілденің 8-і күні Шұбарши ауылы маңында күдіктілерді ұстау операциясы барысында осы топтың 9 мүшесі өлген. Арнайы жасақтан екі сарбаз мерт болып, бірнеше полицей жараланған.

Темір ауданында қарулы топқа қарсы операция шілденің 1-інде, Шұбаршиде екі полицей оққа ұшқан соң басталған еді.
XS
SM
MD
LG