Accessibility links

Кипрде қару-жарақ қоймасы жарылып, адам шығыны болды


Кипрдің оңтүстігіндегі "Евангелос Флоракис" әскери-теңіз базасында қатты жарылыс болды. Кипр жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде сегіз адам қаза болып, он шақты кісі жараланған.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат алтылар кезінде базада шыққан өрт кесірінен күкірт тиелген контейнер жарылған.

Болжам бойынша, жарылыс 2009 жылы Ираннан Сирияға кетіп бара жатқан кемеден тәркіленген қару-жарақ жатқан қоймада болған.
XS
SM
MD
LG