Accessibility links

Билік Балқаш түрмесіндегі «қастандық ойлаушылар өздерін жарып жібергенін» айтады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің хабарлауынша, комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Балқаш қаласындағы АК-159/21 жалпы режим мекемесінде 16 адамнан құрылған қылмыстық топ кезекші жасаққа қарсылық көрсетіп, кейін мекеменің өндірістік аймағында жасырынған. Оларды ұстауға «Арлан» арнайы жасағы келіп, шабуылдай бастаған.

Өндірістік аймақ ғимаратының біріне арнайы жасақ жақындаған кезде «қастандық ойлаушылар өздеріне оттегі баллоны тәріздес затпен жарылыс ұйымдастырған» деп хабарлайды қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ахметов.

Қанша адамның қаза тапқаны әлі белгісіз. Қазір «үйінділер астынан қылмыстық топ мүшелері іздестірілуде».

«Тиісті сотталғандар мекемеде әртүрлі ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін (түрлі мерзімге жазаланған тонау, ұрлық, кісі өлтіру, зорлау – 3 жылдан 11 жылға дейін) ұсталған» дейді ресми билік өкілі.

Арнайы операция барысында тігін цехының үй-жайынан өздерінің қауіпсіздігі мақсатында жасырынған, екінші ауысымда жұмыс істеген 8 тұтқын босатылған. «Интерфакс» агенттігі бұдан бұрын «30-дай адам кепілге алынды» деген мәлімет айтқан еді. Билік өкілдері кепілге алынған адамдар туралы ештеңе демеген.

Шілденің 11-іне ауған түні сағат 1:30 шамасында Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы жалпы тәртіптегі түрмеде бір топ жазасын өтеуші ішкі әскердің сақшы пунктіне қарулы шабуыл жасаған. АК-159/21 түзеу мекемесінде болған атыста екі түрме қызметкері мен бір күзетшіге оқ тиіп, жараланды. Жараланғандардың бірі – мекеменің бақылау қызметінің сержанты, 1988 жылы туған Жансерік Қуанышбекұлы Қашымбеков қаза тапты.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жазасын өтеушілер топтасып қашуға әрекеттенді деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG