Accessibility links

Хиллари Клинтон Башар әл-Асад өз заңдылығын жоғалтты деп мәлімдеді


Хиллари Клинтон, Америка мемлекеттік хатшысы.

Хиллари Клинтон, Америка мемлекеттік хатшысы.

Дүйсенбі күні Америка мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирия президенті Башар әл-Асад өз заңдылығын жоғалтты деп мәлімдеді.

Клинтон бұл турасында Еуроодақтың сыртқы саясат бойынша жоғары өкілі Кэтрин Эштонмен кеңескеннен соң айтты. Америка сыртқы саясат мекемесінің басшысы әл-Башадты ел халқын жаныштау үшін Иранның әскери көмегін қолданды деп айыптады.

Таяуда Сирияның белгілі диссиденті Хайтам әл-Малех өзінің қосалқы үкімет құруы мүмкін екендігін жариялады. Айтуынша, Димашықта 16 шілдеде бұл турасында арнайы конференция өтпекші. Хайтам әл-Малех қосалқы үкіметтің тәуелсіз технократтардан тұрады дейді.

XS
SM
MD
LG