Accessibility links

Балқаш түрмесіндегі жарылыс болған ғимараттан тағы екі адамның мәйіті табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Балқаштағы АК-159/21 колониясындағы жарылыс болған жерден тағы екі адамның мәйіті табылды деп хабарлады Қазақстан әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов бүгін Астанада өткен брифингте. Бұған дейін ол жерден 14 адамның сүйегін аршып алғаны хабарланған.

Сұлтан Күсетовтің айтуынша, тұтқындардың қашпақ болғанының, қарсылық көрсетуінің экстремистік топтарға қатысы жоқ. Оның сөзінше, тұтқындарға сыбайластары көмектесіп, қаруды түрме қоршауынан лақтырып кеткен. Қазір ол мекемедегі жағдай бақылауға көшті дейді ресми өкіл.

Шілденің 11-іне қараған түні түрмедегілердің бір тобы қашып шығуға әрекеттенгені хабарланған. Түнгі атыста қылмыстық-атқару жүйесінің екі қызметкері жараланып, ішкі әскер бақылауының сақшысы қаза тапты. Бұдан бөлек екі қызметкер пышаққа түскен.

Дүйсенбі күні Балқаш түрмесіне басып кірген «Арлан тобының» арнайы операциясы кезінде сотталғандар «оттегі баллоны тәріздес зат» қолданып өздерін жарып жіберді деп хабарлаған еді ресми билік.
XS
SM
MD
LG