Accessibility links

Суға батқан "Булгариядан" тағы елудей мәйіт табылды


"Булгария" кемесі суға батып барады.

"Булгария" кемесі суға батып барады.

Татарстанда Еділге батып кеткен "Булгария" теплоходының демалатын бөлмесінен тағы 50-дей адамның сүйегі табылды. Олардың көбі - балалар.

Соңғы дерек бойынша, 83 адамның қаза тапқаны ресми түрде мойындалды. Бортында 200-ден астам адамы бар кеме дауылды күні суға батқан еді. Тек 80 жолаушы ғана аман қалды.

Прокуратура өкілінің айтуынша, кеменің жүгі ауырлап кеткен, жолаушы таситын рұқсат қағазы да болмаған. Теплоход 1955 жылы құрастырылғаннан бері жөндеу көрмеген деп хабарлайды жергілікті телеарна.

Апаттан аман қалғандардың айтуына қарағанда, "Булгария" суға батып бара жатқанда қастарынан өткен екі кеменің капитандары көмектеспей кеткен. "Оларды ауыр жаза күтіп тұр", - деп мәлімдеді Ресей көлік министрі Игорь Левитин.
XS
SM
MD
LG