Accessibility links

Египетте бұрынғы премьер мен 2 министр сотталды


Cейсенбі күні Египетте бұрынғы премьер-министр мен екі үкімет мүшесі жемқорлыққа барды деп айыпталып, үкім шығарылды.

Бұрынғы премьер Ахмед Назиф бір жыл шартты түрде түрмеде отыру жазасына кесілді. Алдында басқа іс бойынша 12 жылға кесілген бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли тағы да бес жылға сотталды. Хұсни Мүбәрәк кезінде қаржы министрі болған Юсеф Бутрос-Ғали сырттай 10 жылға кесілді.

Үшеуі де автокөліктер үшін өткен жылы енгізілген жаңа нөмірлер өндірісі мен саудасында заңсыз пайда тапты деп танылды.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG