Accessibility links

Түркияда "әл-Қаиданың" 15 адамдық жасағы тұтқындалды


Түркияда соңғы екі күнде "әл-Қаида" ұйымының мүшесі делінген 15 адамдық әскери жасақ тұтқындалды. Осы арқылы дайындалған лаңкестік әрекет ауыздықталды.

Бұл турасында сейсенбі күні Түркия ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Хабарламада дүйсенбіде Анкара маңында ұсталған ер адамның лаңкестік әрекет жасауға міндетті болғаны айтылған. Ұсталған адамнан қару, оқ-дәрі және ұйымға қатысты құжаттар табылған.

Қалған 14 адам Анкара, Бурса және Ялова қалаларында ұсталған.

"Әл-Қаиданың" Түркиядағы бөлімі Стамбулдағы екі синагогаға, Британия елшілігіне және банкке шабуыл жасады деп айыпталды. Осы шабуылдардан 60-тан аса адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG