Accessibility links

Қазақстандағы адам құқықтары жағдайы ертең тікелей эфирде қаралады


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің логосы

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің логосы

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстандағы адам құқықтары бойынша жағдайды 14 шілдеде тікелей эфирде қарайды деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі.

Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссардың кеңсесінің мәліметінше, бейсенбі және жұма күндері халықаралық тәуелсіз сарапшылар Қазақстандағы адам құқықтары ахуалын талқылайды. Оны http://www.ustream.tv/channel/un-human-rights-committee онлайн режимінде көруге болады.

Қазақстан үкіметі адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін орындап жатқаны туралы алғашқы есебін комитетке тапсырған. Үкіметтік емес ұйымдар да бұл мәселеге қатысты өз баяндамасын әзірлеген.

Адам құқықтарына қатысты негізгі халықаралық келісім - азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге мүше 167 елдің арасында Қазақстан да бар.
XS
SM
MD
LG