Accessibility links

Лавров бүгін Обама және Клинтонмен кездеседі


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен және мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонмен келіссөз өткізеді.

Кездесу барысында Обама әкімшілігінің Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары да талқылануы мүмкін. "Бұл - Ресейдің шамына тиетін негізгі мәселе" деді Лавров сейсенбі күні Вашингтондағы Ресей елшілігінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Мәскеу "АҚШ жетекшілік ететін бұл жоба Ресейдің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін" деп алаңдайды.

"Мәселе кімнің кімге шабуыл жасауында емес. Біз жау емеспіз деп Лиссабонда анық айттық. Біз әріптеспіз", - деді Лавров.

Оның айтуынша, Вашингтондағы келіссөз барысында Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу ұмтылыстары да көтеріледі.
XS
SM
MD
LG