Accessibility links

Ақтауда «Қаражанбасмұнай» белсендісі сотталды


"Қаражанбасмұнай" компаниясының ереуілдеп жатқан жұмысшыларының белсендісі Қуаныш Сисенбаев сотталды. Бүгін Ақтау соты оны 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа міндеттеді деп хабарлады тәуелсіз кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Мұхтар Үмбетов.

Қуаныш Сисенбаевқа 5 маусымда "мұнайшылардың заңсыз шеруін ұйымдастырды" деген айып тағылды. Ақтаудағы наразылық шарасы барысында бірнеше шеруші тұтқындалған болатын. Сол кезде Сисенбаев пен тағы басқа екі адам өздерін жаралап, ауруханаға түскен еді.
XS
SM
MD
LG