Accessibility links

Бүгін "Булгарияны" тексеру толықтай аяқталады


"Булгария" кемесі.

"Булгария" кемесі.

Бейсенбі күні "Булгария" кемесін тексеру толықтай аяқталады. Енді кемені судан шығаруға дайындық басталады.

Ресей көлік министрі Игорь Левитиннің айтуынша, судан шығарғанда барып "Булгарияның" техникалық жағдайын бағалауға болады. Дауыл туралы ескерту кезінде иллюминатордың ашық немесе жабық тұрғаны, қауіпсіздік ережесінің сақталған-сақталмағаны анықталады.

Мәліметтерге қарағанда, кемені су астынан шығару шілденің 16-сы немесе 19-ына жоспарланып отыр.

Кеме апатынан қаза тапқандардың саны 105 адамға жетті. Кеменің батқан жерінен тыс аумақтан да мәйіттер табылды. Мәйіттерді іздеу Еділдің төменгі ағысымен 190 шақырымды қамтыды.

Сәрсенбі күні Қазанда сот "Булгария" кемесін жалға алған компания басшысы мен кемені пайдалануға құжат берген Кама өзен регистрі сарапшысын қамауға санкция шығарды.
XS
SM
MD
LG